• Басты
  • ҚР Журналистері сайлау науқанын ақпараттандыруда этикалық нормаларды сақтау туралы хартия қабылдады (ФОТО)
3 Ақпан, 2016 12:36

ҚР Журналистері сайлау науқанын ақпараттандыруда этикалық нормаларды сақтау туралы хартия қабылдады (ФОТО)

2016 жылдың 20 наурызында өтетін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлау науқанын ақпараттандыру барысында этикалық нормаларды сақтау туралы хартия қабылдадынды.
ҚР Журналистері сайлау науқанын ақпараттандыруда этикалық нормаларды сақтау туралы  хартия қабылдады (ФОТО)

2016 жылдың 20 наурызында өтетін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлау науқанын ақпараттандыру барысында этикалық нормаларды сақтау туралы Хартия.

Сөз бостандығы адамның негізгі құқығы болып табылатынын назарға ала отырып;

Адам құқының жалпыға ортақ декларациясының ақпараттарды іздеу, алу және тарату еркіндігін жариялайтын 19-бабындағы ережелерге сәйкес;

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы сөз бостандығына және  ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, конституциялық құрылысты, республиканың тұтастығын күштеп өзгертуге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемдікті, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылыққа тыйым салу ережелерін басшылыққа ала отырып;

ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде айрықша  рөл атқаратынын саналы түрде түсіне отырып;

біз, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны барысында аталған Хартия қағидаттарын сақтауды міндеттенеміз.

1. Бұл Хартия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы»және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес жасалған.

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына кандидаттардың қызметтері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы, әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

3. БАҚ-тарҚазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарастарына қарамастан, өздеріне теңдей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алады және солай етуге тиісті.

4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер туралы кәсіби және шынайы ақпарат таратуға шақырады.

Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстанатындарымызды мәлімдейміз:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтау;

2) сайлау тақырыбына арналған барлық материалдардың объективті, алалаусыз, ақпаратты және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттарға қатсты сарабдал болуларына ықпал ету;

3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ықтимал ақпараттарды таратпау;

4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса, тексеруге алу;

5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар арасындағы айырмашылықты нақты ажырату;

6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәтижелері туралы немесе сайлауғабес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер туралы материалдарды таратпау.

7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүдделерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәдениетті қарастырады.

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проблемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

Бұл Хартия қол қоюға ашық.

 

Барлық жаңалықтар