- Басты
- Жаңалықтар
- VI Ұлттық қысқы Универсиадаға 34 жоғары оқу орнының 141 командасы қатысады
VI Ұлттық қысқы Универсиадаға 34 жоғары оқу орнының 141 командасы қатысады
Жарыстарға 34 жоғары оқу орнының 141 командасы және 1000-нан астам студенттер қатысады. Универсиадаға 15 мыңға жуық көрермендер келеді деп күтілуде.
Жарыстарды өткізу үшін 6 объект анықталды, оның ішінде «Алатау» спорт кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені, «Медеу» мұз айдыны, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт ғимараттары.
Универсиада бағдарламасы 10 спорт түрінен тұрады: шаңғы жарыстары, биатлон, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, тау шаңғысы спорты, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, трамплиннен шаңғымен секіру және шайбалы хоккей.
Универсиада аясында салтанатты ашылу рәсімі «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде (6 ақпан), жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында (17 ақпан), сондай-ақ, жарыстардың қатысушылары үшін ҚазҰУ Студенттер сарайында (11 ақпан) белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері және танымал орындаушылардың қатысуымен мәдени бағдарлама өтеді.
VI Республикалық қысқы студенттік Универсиаданы өткізу Қазақстан Республикасы Тәуелсізігінің 25 жылдығына арналған. Іс-шара ең бұқаралық жарыстардың бірі және халықтың белсенді бөлігі – студент жастарды спортқа тартуға бағытталған.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері