- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Сәрсембаева: Қазақстан бүкіләлемдік гендерлік рейтинг көрсеткіші бойынша 43 орында
Р.Сәрсембаева: Қазақстан бүкіләлемдік гендерлік рейтинг көрсеткіші бойынша 43 орында
«Біз сайлауда әйелдердің әртүрлі партиядан ұсынылуына ерекше назар аударамыз. Егер, 2012 жылы «Нұр Отан» партиясына депутаттыққа 127 әйелдің 26-сы ұсынылса, «Ақжол» демократиялық партиясына 63 үміткерден 8 әйел таңдалды, Коммунистік партияға 21 үміткерден 6 әйел, «Ауыл» партиясына 18 үміткерден 5 әйел ұсынылды», -деп хабарлады ол.
Р.Сәрсембаеваның айтуынша, жалпы ҚР Парламентіне 26 әйел сайланған еді. Ол 24,3%-ды құрайды.
«Гендерлік теңдік деңгейін Халықаралық стандартқа сәйкестендіру үшін әйелдерден құралған өкілдер санын 30%-ға жеткізуіміз керек. Бұл межеге детаяп қалдық», -деп атап өтті ол.
Өкінішке қарай, Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясының президенті айтқандай, Қазақстан бүкіләлемдік гендерлік рейтинг көрсеткіші бойынша 43 орында келеді.
«Осыдан 4 жыл бұрын 32 орында болғанбыз. Бұл көрсеткіштің түсіп кетуіне екі фактор әсер етіп отыр: біріншіден, бұл рейтингке бірқатар мемлекеттердің қосылуы бар. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 142 мемлекет гендерлік теңдік рейтингіне қатысып отыр. Біз әйелдердің өкілдігі ретінде бұл индикатор бойынша 65орындамыз. Ал, бірақ білім, денсаулықсақтау салалары бойынша 20 орынды бағындырып, алда келеміз»,- деп нақтылап өтті ол.
«2015 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша Қостанай облысының облыстық мәслихатында әйелдар саны жағынан көш бастаған, олардан кейін Ақтөбе облысы, және Павлодар облысы. Оңтүстік Қазақстан облысы бұл көрсеткіш бойынша артта келеді. Олардың облыстық мәслихатында 55 ер азаматтың арасында жалғызғана әйел бар. Енді алдағы сайлауда іскер әйелдердің сайлауға қатысып, өз белсендліктерін танытулары арқылы жоғарыдағы көрсеткіштерді жақсы жағына қарай өзгертуге мүмкіндіктері бар деп есептеймін»,- деп атап өтті.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты