• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысын жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысын жоғары бағалады

3 Ақпан, 2016 11:41
ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. ҚР Президенді Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысын жоғары бағалап, болашақта табысты жұмыс тіледі.

«Құрметті коллегияға қатысушылар, дипломаттық қызметкерлер, барлық елдер сияқты біз биыл 25 жылдығымызды тойлаймыз. Алғашқы жылдары Қазақстан аяғына оңайлықпен тұрған жоқ. Қазіргі дипломатиялық қызмет болған жоқ. Бізде халықаралық деңгейде дипломаттарды дайындау мүмкіндігі болмады. Ширек ғасырда еліміздің саясатын басынан бастап тұрғыздық»,-деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан бүгінгі күні 169 әлемнің мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасайтындықтарын айтып өтті. 94 қазақстандық елшілік шет елде жұмыс істейді, 50-ден астамы елшілік пен басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және халықаралық ұйымдар.

«Біздің дипломатияның көптеген сыртқы саяси бастамаларды жаһандық өлшеумен іске асыру міндеті тұр. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Кеңес қауіпсіздігінің тұрақты емес мүшесі болуға қол жеткізуде. Еліміздің қолдауына сенеміз. Қазақстан көптеген халықаралық маңызды интеграциялық бірлестіктер бастамашы болды. Мәселен, ТМД, ШҰҰ, Азияға сенім шарасы бойынша жиналыс және ЕАЭО. Елімізде алғаш рет ЕҚЫҰ саммиті мен ислам ынтымақтастығын өткіздік»,-деді Елбасы.

Естерінізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР СІМ кеңейтілген алқа отырысы өтуде.

 

Барлық жаңалықтар