Ордабасы ауданындағы құс кешені 12 есеге үлкейтіледі

3 Ақпан, 2016 18:39
Мұндай келісімге өңір басшысы мен «Ордабасы құс» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы С.Терещенко және израильдік «M.A.D. Corporation» компаниясының президенті А.Паюрскимен кездесу барысында қол жеткізілді, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Бүгінгі таңда, кәсіпорын үндік етінен жасалатын 30 түрлі өнім өндіріп, жылына 10 мың тонна құс етін дайындайды. Өнімнің төрттен бір бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстанға экспортталады. С.Терещенконың айтуынша, бүгінгі таңда үндік етінің нарығы белсенді дамып, Қазақстан мен Ресей Федерациясында құс еті үлкен сұранысқа ие бола бастады.

Жаңа инвестициялық жобаның іске асуы, кәсіпорынға жылына 100 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Атап кеткен жөн, «Ордабасы құс» ЖШС 2009 жылдан бері канадалық «Kadikarm» компаниясынан Hybrid Converter бройлер кроссының жұмыртқаларын жеткізу бойынша әріптестік орнатып, жыл сайын Канададан 900 мыңға жуық жұмыртқа тасымалдайды.

Осыған байланысты, «Ордабасы құс» ЖШС инкубаторлық ауыр жұмыртқа (15-20 келі) және жеңіл кроссты (4-5 кг) өндіретін екінші кезеңді асыл тұқымды репродуктор құрылысын бастауды жоспарлап, канадалық импортқа деген тәуелділіктен бас тартуға әрекет етпек. Қазақстандық үлесі 75 пайызды құрайтын жоба израильдік M.A.D. Corporation компаниясымен бірлесу нәтижесінде 2017 жылы жүзеге асырылатын болады. Жалпы алғанда, аталған 2 жобаның іске асырылуы өңірдің экономикасына жобамен 5,2 млрд.теңге тартуға мүмкіндік береді.

 

 

Барлық жаңалықтар