• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Перуашев: «Ақ жол» партиясының мақсаты – тәуелсіздікті нығайту мен Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын қорғау

А.Перуашев: «Ақ жол» партиясының мақсаты – тәуелсіздікті нығайту мен Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын қорғау

3 Ақпан, 2016 11:03
«Ақ жол» партиясының мақсаты – тәуелсіздікті нығайту мен Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын қорғау, деді «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев партияның XIII съезінде.

«Біздің партияның тысқары тұрып бақылаушы қызметін атқаратын құқығы жоқ. Біздің тікелей міндетіміз  өзіміздің зияткерлігіміз бен саяси ресрустарымызды  жедел  қадамдарды қабылдауға, әлемдік экономикалық күрделі жағдайда отандық экономиканы нығайтуға, ұлттық көзқарасты таныстыру мен жұмыс орындарының жабылмауына, Қазақстан халқын нашар өмір сүруден сақтап қалуға бағыттауымыз қажет. «Ақ жол» ҚДП Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауына қатысады.Біз  саяси партия ретінде Ұлт жоспары аясында 30 дамыған ел қатарына енуді қарастырамыз. Бұл мақсатқа ешқандай дағдарыс пен сынақтар әсер етпеуі керек», - деді А.Перуашев.

Ол атап өткендей, «Ақ жол» партиясының мақсаты – тәуелсіздікті нығайту мен Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын қорғау.

«Ақ жол» партиясының сайлауға қатысуы туралы мәселе 21 қаңтар күнi партия президиумы отырысында талқыланған болатын. Президиумнан кейiн бүгiнгi съезде партияның алдағы кезектен тыс парламент Мәжiлiсi мен барлық деңгейдегi мәслихат сайлауына қатысатыны туралы ресми шешiм қабылданды», - дейдi А.Перуашев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар