2015 жылы Көксу ауданында 4 өндіріс орны ашылды – әкімдік

3 Ақпан, 2016 18:06
Ауданда бір жылда 4 өндіріс орны ашылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Соның ішінде 2014 жылдан бері тоқтап тұрған руда өңдейтін зауыт та іске қайта кіріскен. Кәсіпорында айына 25 мың тонна руда өңдеу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 17 млрд. 803 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ 14 млрд. 423 млн. теңге инвестиция тартылды. Оның көлемін биыл ұлғайту межеленуде.

 «Биылғы жылы облыста қант қызылшасының алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес қабылдап өңдейтін өнімнің көлемі  де өседі деген сөз. Қазір біз Ақсу қант зауытын қайта жаңғырту туралы инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Соған қарамастан Көксу қант зауыты үздіксіз жұмыс істеуі керек», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығында жаңа технологияны, тамшылатып сууару әдісін кеңінен пайдалану, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақша салу, республикалық маңызы бар автожолдың Балпық би ауылы арқылы өтетін торабына назар аудару тапсырылды. 

Барлық жаңалықтар