- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ескелді ауданында қант қызылшасын 1400 гектар жерге себуді межелеп отыр
Биыл Ескелді ауданында қант қызылшасын 1400 гектар жерге себуді межелеп отыр
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 18 млрд. 565 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 49,9 мың га. Қант қызылшасының жиналған өнім көлемі 37 мың 500 тонна болды. Әр гектарынан орта есеппен 385,6 центнерден айналды. Баяндамашының айтуынша, қант қызылшасын 1400 гектар жерге себуді межелеп отыр.
Сонымен қатар ауданға инвестиция тартуға да көп көңіл бөлінуде. Мәселен, 2015 жылы 3 млрд. 205 млн. теңге инвестиция тартылса, биылғы жылы 539,4 млн. теңгеге жеткізілмек. Сонымен биылғы жылы ауданда шағын және орта бизнестің 15 нысаны ашылып, 37 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнан соң Н. Қылышбаев тұрғын үй құрылысы, жаңа өндіріс орындарын ашу, ет экспорты туралы мәселелерге тоқталды.
Өз кезегінде баяндамашының сөзінен кейін өңір басшысы әкімнің бірқатар жұмыстарына, атап айтқанда ауданда бір де бір жылыжайдың болмауы, өнеркәсіп алаңдарының құрылмауы, Индустрияландыру картасына енгізетін бір де бір жобаның ұсынылмауына байланысты сын айтты.
«Ескелді ауданы – Талдықорған қаласына ең жақын орналасқан аудандарың бірі. Бұл аудан қаланы қажетті азық-түлікпен, көкөніспен, етпен, сүтпен толық қамтамасыз етуі керек. Осыған басты назар аудару қажет. Жалпы бір жылда атқарылған жұмыс ауқымды, жақсы нәтижелер де бар, бірақ барлық бағыттарды қатар алып жүріп, белсене жұмыс істеу керек», - деді А. Баталов.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау