Астанада «Ақ жол» партиясының XIII съезі өз жұмысын бастады

3 Ақпан, 2016 10:07
Астанада «Ақ жол» партиясының кезектен тыс ХIII съезі басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу қабылданған болатын.

«Ақжол» партиясының кезектен тыс  ХIII съезінде  Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауына қатысу мен «Ақ  жол- Жұмыс істеу уақыты» сайлауалды бағдарламасы қабылданады деп жоспарлануда.  

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін бекіту көзделіп отыр.

Съез жұмысына партия  мүшелері мен хатшылары, партияның  облыстық, қалалық, аудандық  делегаттары  қатысады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар