ШҚО-да тұрақтандыру қоры өнімінің бағасы төмендеді

3 Ақпан, 2016 10:19
Тұрақтандыру қорындағы азық-түліктің қоры өндірістік өнімнің бағасын түсіруге мүмкіндік беріп отыр. Осы жылдың 1 наурызына дейін картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ және пияздың келісі 60 теңгеден сатылатын болады, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.

Бұл шешім ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен өңірлік тұрақтандыру қорын басқару комиссиясының отырысында қабылданды.

Сондай-ақ, өңір басшысының  орынбасары Өскемен мен Семей әкімдеріне тұрақтандыру қорының нүктелерін көбейтуді тапсырды.

Бүгінгі таңда өндірістік өнім 183 сауда орталығы арқылы сатылуда: Өскеменде – 103, Семей – 84. Осы жылы облыстық орталықта 4 мың тонна көкөніс сатып алынды. Семейде 5,7 мың тонна бар.

Айта кетерлігі, тұрақтандыру қорының негізгі мақсаты өндірістік нарыққа үнемі әсер ету болып табылады. Нарық бағасының қатты шарықтап кетпеуін қамтамасыз етеді.

 

 

Барлық жаңалықтар