- Басты
- Жаңалықтар
- Әскерде мерзімді сарбаздарға жаңа кәсіпті меңгеруді үйретеді
Әскерде мерзімді сарбаздарға жаңа кәсіпті меңгеруді үйретеді
Аталмыш курс 2016 жылдың басында басталды және осы жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында мерзімді қызметтегі 200-ден аса әскери қызметшіні оқытып-үйрету жоспарлануда. Болашақ мамандарды Әскери-әуе күштерінің, ӘШҚҚ әскерлері мен байланыс әскерлерінің әскери бөлімдері үшін дайындауда. Мерзімді сарбаздар дизельші, электр орнатушы, радиолокациялық станция операторы, әуе нысаналарын қолмен сүйемелдеу операторы сияқты кәсіпті меңгереді, авиациялық қару-жарақтың, радиоэлектрондық жабдықтың, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер мамандықтарын зерделейді.
Жарты жыл ішінде курсанттарға жалпы пәндер, яғни, дене даярлығы, жалпыәскери жарғылар, функционалдық міндеттерді білуі және әскери педагогика пәні бойынша сынақтар тапсыруға тура келеді. Оқу аяқталысымен оқу-жаттығу орталықтарының кіші мамандары өздігінен және ауысым құрамында жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындай алады, сондай-ақ оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда 44841 әскери бөлімінде оқу үшін жақсы оқу-материалдық база, мамандандырылған сыныптар, қару-жарақтың, техниканың тораптары мен агрегаттарының сұлбалары бар. «Әскери бөліміміздің базасында жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет етеді. Олар ұдайы оқу-материалдық базаны жетілдіреді, техникалық оқыту құралдарының заманауи кешендерін кеңінен енгізе отырып, оқу үдерісін компьютеризациялау дәрежесін арттырады», - деп атап өтуде 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Бауыржан Жиенбаев. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, өткізіліп жатқан іс-шаралар әскерлердің кіші мамандардағы қажеттілігін толыққанды қанағаттандыру үшін тұтастай жағдай жасауға бағытталған. Жауынгерлік оқудағы және қызметтегі жетістіктерімен болашақ мамандар еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту жолындағы ортақ істе сүбелі үлес қосатын болады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар