Сайлау: ОСК-ға партиялық тізімдер келіп түсуде (ФОТО)

2 Ақпан, 2016 20:41
Бірнеше күн қатарынан Орталық сайлау комиссиясында күнтізбелік шаралар бойынша жиындар өтуде. Сол бойынша ҚР ОСК қызметкерлері 2016 жылдың 20 наурызына дейінгі істерін саралайды. Осы күні ел азаматтары Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттар депутаттығына үміткер адамдарға дауыс береді. Қазақстандағы мерзімінен бұрын сайлауға 48 күн қалды.

2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссисы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша заңнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді.

Сонымен қатар сайлау туралы заңның 19-бабы 6-тармағының екінші  бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком сайлау заңнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының мүшесі етіп   А.Я. Шеферді, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп В.С. Пакты тағайындады.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 1 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республикада  мәслихаттар депутаттығына барлығы  1050 кандидат ұсынылды.

Олардың ішінде:107 – сі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарға, 804 -і аудандық мәслихаттарға, 139 -ы қалалық мәслихаттарға.

2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынды.Қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (239 адам),Қарағанды (197 адам), Шығыс Қазақстан (132 адам) және Қостанай (95 адам) облыстарында ұсынылды.

Ұсынылған кандидаттардың 5-еуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері,  553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар.Ер адамдар – 693 (66 %), әйелдер – 357 (34 %).

Орташа жасы - 41 жас.720 кандидаттың (68,6 %) жоғары білімі, 257 - сінің (24,5 %) арнаулы орта және 72-сінің (6,9 %) орта білімі бар.Кандидаттардың 56 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38%-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 6 %-ы – басқа кәсіппен айналысады.Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.

Мәселен, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде партия 127 үміткерді Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынды. Ол Орталық сайлау комиссиясына тіркелуге жіберілді.

Съезде сөз сөйлеген Елбасы «Нұр Отан» партиясының алдына қойылған мақсаттар мен сайлауалды бағдарлама туралы айтып өтті.

«Бес реформаны тиімді жүзеге асыру – біздің ХХI ғасырда табысты болуымыздың кілті. 100 қадам – шын мәнінде елді әрі қарай дамытудың жүйелі мәселелеріне арналған менің 100 нақты шешімім. Ұлт жоспары орындалу үшін Ұлттық комиссия жұмысына қоса барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің кәсіби іс-қимылы қажет. Сондықтан әкімдер және «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мұны ең басты міндеттің бірі санағаны жөн. Ұлт жоспары біздің алдағы бес жылдық кезеңге арналған жаңа сайлауалды бағдарламамыздың өзегі болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның XII кезектен тыс сайлауында ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына кандидаттар таңдалды. Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес «Ауыл» ХДПП  кандидаттар тізімі мен тиісті құжаттарды ҚР ОСК тапсырдық. Партия тізіміне 19 адам кірді. Олардың ішінде 8 кандидат ғылыми дәрежелі, 5-і- ғылым докторы,3-і- ғылым кандидаты. Партия тізіміне 4 ұлт өкілдері кірді: қазақ, орыс, украйндық және ингуш. «Ауыл» партиясының тізімі қоғам қайраткерлері, өнім өкілдері, бизнес саласы, атқарушы биліктен (ауыл әкімі, аудандар)  тұрады»,-деп «Ауыл» ХДПП хатшысы Бөрібай Жексембин айтып өтті.

Ортылқ сайлау комиссиясының партиялық тізіміне тіркелу үшін келесі құжаттар берілід: «Ауыл» ХДПП XII кезектен тыс  съезінің партиялық тізімін ұсыну бойынша ҚР Әділет министрлігінде саяси партияның  тіркелгені жөніндегі қосымша көшірмесі бар хаттамының көшірмесі; азаматтардың өтініштері; әр тұлғаның өмірбаяны; кандидатты растайтын салық органының анықтамасы; саяси партияның  сайлау жарнасын растайтын құжат; «Ауыл» ХДПП мүшесі екендігін растайтын құжат.

«Бүгін бізде тарихи жағдай болды.  Астанада 2 ақпанда партияның кезектен тыс Х съезі өтті. ҚР ОСК бұл тізімді ҚР Конституциясының талаптарына сай жасайды. Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу өз уақытында болып отыр. Қазақстандық халық кіммен және қалай елдің жаңғыртуын жүргізуді таңдауымыз қажет. Мерзімінен бұрын сайлау қоғамдық келісімді нығайтып, мақсатқа жетуде халықты біріктіре түседі», - деді ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі, Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты Айқын Қоңыров.

Кандидаттардың қатарында бесiншi шақырылымдағы парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Жамбыл Ахметбеков, бесiншi шақырылымдағы парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Владислав Косарев, ҚКХП хатшысы Тұрғын Сыздықов пен партияның өңiрлiк бөлiмшелерiнiң өкiлдерi бар.

Естерiңiзге сала кетсек, бүгiн Астанада Қазақстан Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өттi. Съезд қорытындысы бойынша партияның парламент Мәжiлiсi мен мәслихат сайлауына қатысу туралы шешiмi шығарылып, саяси бiрлестiктiң сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ парламент Мәжiлiсi депутаттығына сайланатын үмiткерлердiң партиялық тiзiмi бекiтiлдi. Партиядан 22 үмiткер ұсынылды.

Съезд қорытындысында насихат кезеңi жұмыстарына дайындықты бастау, орталық және аймақтық сайлауалды штабтарын құру, сенiмдi өкiлдердi тiркеуден өткiзу, үгiт-насихат топтарын даярлау және имидждiк өнiмдер дайындау туралы нұсқау берілді. 

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар