• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Абдусалимов: Қазақстандықтарға әлемдік экономиканың жаңа сынағына жедел бейімделу қажет

Р.Абдусалимов: Қазақстандықтарға әлемдік экономиканың жаңа сынағына жедел бейімделу қажет

2 Ақпан, 2016 19:49
Қазақстандықтарға әлемдік экономиканың жаңа сынағына жедел бейімделу қажет. Қоғам мерзімінен бұрын сайлауды өткізу «оң» мен «терісі» жағынан өлшеніп қабылданған шешім екенін түсіну керек. Бұл туралы Ұйғыр этномәдени ұйымының төрағасы Рустам Абдусалимов Srategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Біз ұйғыр этномәдени ұйымының атынан мерзімінен бұрын сайлауды өткізу шешімін қолдаймыз. Әр жақтан әр түрлі пікірлерді тыңдап жатырмыз. Олар өздерінің міндетін дұрыс атқармады деп айта алмаймыз. Депутаттар өздерінің тарихи миссиясын  орындады. Ауқымды заңнамалық жұмысты атқарды», - деді ол.

Р.Абдусалимов айтқандай, қазір әлемдік экономикаға сәйкес, жаңа құрылымның парадигмасы қалыптасуда.

«Қазақстандар жаңа жағдайдларға жедел бейімделуі керек. Қоғам мерзімінен бұрын сайлауды өткізу «оң» мен «терісі» жағынан өлшеніп қабылданған шешім екенін түсіну керек. Бұл орайда «жаңа» деген сөзге баса назар аударар едім. Бұл алдағы мақсаттарға жететін жалғыз жол», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір 25-40 жас аралығында белсенді жастар қатары өсуде. Олар өмірге жаңаша көзқараспен қарайды.

«Олардың көздерінен ұшқынды байқауға болады. Олардың көп бөлігі батыстық білімге ие, шетелдік ұйымдарда жұмыс істеген тәжірибеге ие. Олар жаңа стандартқа ие болып, заманауи әдістемеге ие. Елбасы  - жастарды қолдаудағы басты бағыт», - деді ол.

«Біздің көшбасшымыздың саяси тәжірибесі жоғары. Қазақстанды жаңа даму сатысына алып шығуды біледі», - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымын мерзіміненбұрын тоқтатып, жаңадан Парламент сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттарынсайлау туралы ұсыныс тасталған еді. Мемлекет басшысының 20 қаңтардағы Жарлығыбойынша мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісі мен кезекті мәслихат сайлауларынбиылғы жылдың 20 наурызында өткізу туралы шешімі қабылданған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар