• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметов ЖКО ережесін бұзғандарға жазаны қатаңдату нәтижесінде жемқорлықтың асқынып кетуінен қауіптенеді

С.Ахметов ЖКО ережесін бұзғандарға жазаны қатаңдату нәтижесінде жемқорлықтың асқынып кетуінен қауіптенеді

12 Қараша, 2013 18:04
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Үкіметінің отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа ЖКО ережесін бұзғандарға жазаны қатаңдату нәтиждесінде жемқорлықтың асқынып кетуінің алдын алу үшін ұсыныс енгізуді тапсырды.

«Біз қазір белсенді түрде енгізіп жатқан жазаны заң жүзінде қатаңдату ІІМ жол-патрульдік  қызметіндегі жемқорлықтың асқынуына жол ашпай ма?», - деді Үкімет басшысы бас полицейге.

Оның айтуынша, «бәрін қатаңдату» бір мәселе, мәселінің екінші қыры – «осыны енгізгеннен кейінгі әсер мен нәтижесі қалай болады, жемқорлықтың болмауын қадағалау қалай жүзеге асырылады?»

Премьер-Министр Қ.Қасымовқа жемқорлықпен күресті техникалық байқауға  ұсыныс енгізуді тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар