ҚКХП атынан депутаттыққа үміткерлер тізімі ОСК-ға тапсырылды (ФОТО)

2 Ақпан, 2016 16:54
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Олардың саны 22-ге тең.

«Бүгін бізде тарихи жағдай болды.  Астанада 2 ақпанда партияның кезектен тыс Х съезі өтті. ҚР ОСК бұл тізімді ҚР Конституциясының талаптарына сай жасайды. Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу өз уақытында болып отыр. Қазақстандық халық кіммен және қалай елдің жаңғыртуын жүргізуді таңдауымыз қажет. Мерзімінен бұрын сайлау қоғамдық келісімді нығайтып, мақсатқа жетуде халықты біріктіре түседі», - деді ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі, Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты Айқын Қоңыров.

Кандидаттардың қатарында бесiншi шақырылымдағы парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Жамбыл Ахметбеков, бесiншi шақырылымдағы парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Владислав Косарев, ҚКХП хатшысы Тұрғын Сыздықов пен партияның өңiрлiк бөлiмшелерiнiң өкiлдерi бар.

Естерiңiзге сала кетсек, бүгiн Астанада Қазақстан Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өттi. Съезд қорытындысы бойынша партияның парламент Мәжiлiсi мен мәслихат сайлауына қатысу туралы шешiмi шығарылып, саяси бiрлестiктiң сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ парламент Мәжiлiсi депутаттығына сайланатын үмiткерлердiң партиялық тiзiмi бекiтiлдi. Партиядан 22 үмiткер ұсынылды.

Съезд қорытындысында насихат кезеңi жұмыстарына дайындықты бастау, орталық және аймақтық сайлауалды штабтарын құру, сенiмдi өкiлдердi тiркеуден өткiзу, үгiт-насихат топтарын даярлау және имидждiк өнiмдер дайындау туралы нұсқау берілді. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар