Д.Амиров: ШҚО-да сот қызметі Мемлекет басшысының реформасына орай дамуда

2 Ақпан, 2016 18:31
Шығыс Қазақстан облысында сот қызметі Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және бес институционалдық реформасын жүзеге асырумен, сондай-ақ, басты міндет сот жүйесін оңтайландыру бағытына лайық дамып келеді, деп облыстық сот төрағасы Досжан Әміров бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әділ сот бес сатылы жүйеден үш деңгейлі сот жүйесіне ауысты. Бұл өзгеріс іс қарау уақытын қысқартып,  демократиялық қоғамның жоғары талабына жауап береді және сот актісінің заңдық күшін жеделдетеді»,- деді ол.

Оның айтуынша, 2015 жылдың 12 айында облыс бойынша қаралған істердің жалпы көлемі артқан. Егер, 2014жылы 125421 іс қаралса, ал 2015 жылы 133949 іспен қосымша материалдар қаралған. 2014 жылмен салыстырғанда аяқталған істің мөлшері 9 мыңға артты. (8528 іс). Ал, барлық облыстық сот тараталған кезеңде 63129 азаматтық істі қарады. 2014 жылмен салыстырғанда қаралған азаматтық істер 2015 жылы 5510 іске артты немесе 9%-ға көбейген.

«Бұндай көлемдегі қаралған азаматтық істерден жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың сот жүйесіне деген сенімділігін көрсетеді»,- деп атап өтті Д.Әміров.

Сондай-ақ, облыстық сот төрағасы сот жүйесінің қолжетімділігі мен жеңілдетілген тәсіліне «Сот кабинеті» жүйесі өз септігін тигізіп отырғанын атап өтті.  «Сот кабинеті» қызметіне 44877  өтініш келіп түсті. Бұл барлық түскен өтініштердің 70,7%-ы. Жалпы жұмысқа алынған істердің ішінде мемлекеттік тілде қаралғаны 14,2%-ды құрап отыр. Облыс сотында жыл өткен сайын құжат алмасу көлемі мемлекеттік тілде артып келеді. Келіп түсетін хабарлар 60%-ға жетіп отыр. Ал, сыртқа шығатын хабарлар-98,2%6, ішкі құжаталмасу 98,7 % мемлекеттік тілде жүреді.

Барлық жаңалықтар