3 жұма ішінде «Оңай» жүйесі арқылы 683 млн теңге түсті-әкімдік

2 Ақпан, 2016 19:34
2016 жылдың 11 қаңтарынан 1 ақпанына дейін «Оңай» картасы бойынша 10 655 527 транзакция жасалды, деп Алматы қаласының әкімдігі хабарлайды.

Олардың ішінде Бірыңғай көлік карта бойынша-530 783 400 қаражат көлемінде 6 634 542 транзакция, Әлеуметтік көлік картасы бойынша 75 жастан жоғары зейнеткерлерге -210 912 транзакция, ал 75 жастан кіші зейнеткерлік жастағы Әлеуметтік көлік картасы бойынша 46 081 840 теңге қаражатқа 1 151 998 транзакция  жасалды. Студенттердің көлік картасы бойынша- 29 082 840 теңге қаражатқа 727 050 транзакция жасалды.

Шығыс астана тұрғындарының қолында 894 689 «Оңай» картасы бар. 509 308 бірыңғай көлік картасы жасалған және 385 381 жеңілдік көлік картасы тегін беруге жасалды.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 27 қаңтарда 50-ші сессияда Алматы қаласының мәслихат депутаттары жол жүру билеттерін мақұлдады.

Жол жүру билеттері «Оңай» картасы аясында болады. «Оңай» картасын толтырғаннан кейін «жол жүру билетін» алатын арнайы міндет пайда болады. Осылайша, жолаушылар «Оңай» картасын жол жүру билеті ретінде қолдана алады.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта холдинг қала тасымалдаушысымен бірге жол жүру билеттеріне жеңілдік жасаудан басқа, жалпы жол жүру билеттерін ойластыруда және ол наурыз айында шығып қалуы мүмкін.

 

Барлық жаңалықтар