• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында дағдарыстан шығуға бағытталған бағдарламалардың сабақтастығын көрсетті – сарапшы

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында дағдарыстан шығуға бағытталған бағдарламалардың сабақтастығын көрсетті – сарапшы

2 Ақпан, 2016 15:43
Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында дағдарыстан шығуға бағытталған сабақтастықты көрсетті, деді ОКҚ-да Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Қайырбек Сүлейменов.

«Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде мемлекет пен халық алдындағы бағдарды анықтап, партия алдына міндеттерді қойып, барлық партиялық ұйымдарды 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға шақырды. Тағы бір мәрте дағдарыстан шығуға бағытталған сабақтастықты көрсетілді», - деді ол.

 Еске сала кетейік, 29 қаңтарда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында  ҚР  Президенті   Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен  тыс XVII  съезді өткен болатын. Съезд қорытындысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасы  қабылданды және 2016 жылдың 20 Науырызында ҚР Парламент Мәжілісіне үміткерлердіңтізімі бекітілді. Сонымен қатар, кеңес партияның құрамындағы саясикеңестің өзгерістерін   қарады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар