ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл» партиясының тізімі ұсынылды (ФОТО)

2 Ақпан, 2016 15:39
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімі ұсынылды, оның құрамында 19 адам. Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес партия тізімі саяси партия өкілімен «Ауыл» Халықтық-демократиялық партриоттық партиясының XII кезектен тыс съезінің партия тізімін ұсыну хаттамасымен берілді.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның XII кезектен тыс сайлауында ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына кандидаттар таңдалды. Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес «Ауыл» ХДПП  кандидаттар тізімі мен тиісті құжаттарды ҚР ОСК тапсырдық. Партия тізіміне 19 адам кірді. Олардың ішінде 8 кандидат ғылыми дәрежелі, 5-і- ғылым докторы,3-і- ғылым кандидаты. Партия тізіміне 4 ұлт өкілдері кірді: қазақ, орыс, украйндық және ингуш. «Ауыл» партиясының тізімі қоғам қайраткерлері, өнім өкілдері, бизнес саласы, атқарушы биліктен (ауыл әкімі, аудандар)  тұрады»,-деп «Ауыл» ХДПП хатшысы Бөрібай Жексембин айтып өтті.

Ортылқ сайлау комиссиясының партиялық тізіміне тіркелу үшін келесі құжаттар берілід: «Ауыл» ХДПП XII кезектен тыс  съезінің партиялық тізімін ұсыну бойынша ҚР Әділет министрлігінде саяси партияның  тіркелгені жөніндегі қосымша көшірмесі бар хаттамының көшірмесі; азаматтардың өтініштері; әр тұлғаның өмірбаяны; кандидатты растайтын салық органының анықтамасы; саяси партияның  сайлау жарнасын растайтын құжат; «Ауыл» ХДПП мүшесі екендігін растайтын құжат.

Естерінізге сала кетейік, партияның «Ауылға дәстүрді қайта әкелу» атты сайлауалды бағдарламасы елдің экономикасын жоғары, жаңа дәрежеге көтеру, жаһандық дағдарыстан шығу сынды мемлекеттік бағдарламаны қамтиды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар