ШҚО-да 2015 жылы ұзақ мерзімді құрылыстың 94 нысаны іске қосылды -әкімдік

2 Ақпан, 2016 17:11
Еліміздің шығыс аймақтарында 2015 жылы «күрделі» нысаналардың құрылысы ерекше қадағаланды. 2004 жылдан бастап аймақ бойынша ұзақ мерзімді 118 құрылыс жиналған. Облыс әкімінің тұрақты қадағалауының арқасында ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының 94-і тапсырылды немесе жалпы санның 80%-ы, деп ШҚО ақпарат орталығында хабарлайды.

Ұзақмерзімді құрылысқа жауап берген барлық жосқысыз компаниялар «қара тізімге» кіріп, тендр жұмысынан шектетілді. Құрылыс жұмыстары мен ережелері бойынша қатаң түрде тексерістер өткізілді. Жұмыстың өту барысын облыс әкімі Даниал Ахметов қадағалады.

2015 жылы тексерістен кейін әлеуметтік-мәдени 45 нысан мен 34 тұрғын үй салынды, 9-ы- энергетика саласында және 6 жобалы-сметалық құжат дайындалды. Тапсырылған нысаналар ішінде Өскемен қаласының Қан орталығы бар. Оның құрылыс жұмысы 2008 жылдан басталған және 1000 орынға арналған метеп (2012 жылдан), Семейде 1-ші облыстық  радиологиялық орталығының онкологиялық диспансері. Оның құрылыс жұмысы 2004 жылы басталған.  

Сонымен қатар, Глубоков ауданындағы Зимовьевск интернат-үйінің құрылысы да аяқталды. Зыряновск ауданының Чапаева а. 130 орынды орта мектеп салынуын аяқтады.

ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мәди Отарбаевтың айтуынша, мекеме 2016 жылы 24 тапсыратын нысана жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қадағалау үстінде.

Осы жылы Зыряновск ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сауықтыру орталығының құрылысы аяқталады, Тарбағатай ауданының Ақсуат а. Спорт модулін салады. Жаңа оқу жылына қарай Үржар ауданының Қабанбай а. 320 орынды мектеп, Күрчім ауданының Үшбұлақ а. 80 орынжы мектеп құрылысын тапсыру жоспарланған.

 

Барлық жаңалықтар