- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан аумағы арқылы Қытай -Иран бағдарындағы тұңғыш контейнерлік пойыз жіберілді
Қазақстан аумағы арқылы Қытай -Иран бағдарындағы тұңғыш контейнерлік пойыз жіберілді
Салтанатты шараға Иву қаласының мэрі Шэнь Цзю Пинь мен Қытай темір жол әкімшілігінің басшылары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Translnvest Group халықаралық логистикалық холдингінің өкілдері қатысты.
Жаңа контейнерлік бағдар Қытай, Қазақстан, Түркіменстан,Иран темір жол әкімшіліктерінің бірлескен ұйымдастыру шараларының нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл жоба Шығыс Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне жүктерді жедел жеткізуге арналған алғашқы логистикалық шешім болып табылады.
Пойыз бағдары Қытай темір жолы, Алашанкау-Достық шекаралық бекеті, Қазақстанының жаңа темір жол желісі (Жезқазған-Бейнеу, Өзен-Болашақ), әрі қарай Түркменстан желісімен Иранның Тегеран қаласына барады.
Пойыз құрамы аралас жүктер тиелген 40 футтық контейнерлерден тұрады. Бағдардың жалпы ұзындығы 9 мың шақырымнан астам. Құрғақтағы темір жолмен 10 тәулікте жүріп өтсе, ол аралықты теңіз арқылы 25-30 күн жүреді.
Қазақстанның жаңа көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бағдарды барынша қысқартып, жүкті жеткізу мерзімін жеделдетіп, Еуразиялық құрлықтағы аймақтық сауданың серпінді дамуына ықпал етеді.
Контейнерлік тасымалды дамыту - еліміздің транзиттік әлеуетін еселей арттырып, бәсекелестікке қабілеттілігін де көтере түседі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру