• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Сыздықназаров: Парламенттік сайлау азаматтық қоғам мен биліктің бәтуаласуына мүмкіндік береді

М.Сыздықназаров: Парламенттік сайлау азаматтық қоғам мен биліктің бәтуаласуына мүмкіндік береді

2 Ақпан, 2016 15:34
Парламенттік сайлау Қазақстанда азаматтық қоғам мен биліктің бәтуаласуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ-дің заманауи зерттеу институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыздықназаров айтты.

«Жаңа Парламенттік сайлау Қазақстанда азаматтық қоғам мен биліктің бәтуаласуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сайлауды өз уақытында да өткізуге болар еді, бірақ,бүгінгі экономикалық  дағдарыстың  салдарларын есекере отырып, осындай шешім қабылданғаны дұрыс болды. Сайлауды өз мерзіміне дейін созу бәлкім үлкен шығын келтірер ме еді. Бүгінгі экономикалық ахуалға орай саяси науқанды өткізу жаңа және тың реформаны жедел жүзеге асыру үшін мәслихат  жергілікті өзін өзі басқару органдарының бюджетін  бекітіп берулері қажет. Бұл тұрғыда олардың атқаратын қызметі басым. Сондықтан, тың реформаны қарқынды түрде іске асыру мақсатында атқарушы билік белгілі деңгейдеоларға тәуелді», - деді сарапшы.

Саясаттанушы басқа да дәлелдерді келтірді. Мәселен, сыртқы, күрделігеосаяси жағдайлар да ескерілуі керек.

«Халықаралық қатынастарда да шиеленіс деңгейі жаңаша сипатқа ие болып отыр.Оның үстіне ішкі саясаттағы көптеген мәселелер сыртқы саясатпен байланысты.Әлсіз мемлекеттің сыртқы саясаты мықты болуы мүмкін емес. Бұл – аксиома. Яғни, экономикалықмаңызды мәселелер геосаяси жағдайларға байланысты қиындықтар тудыруы әбденмүмкін. Қазақстан үшін шекаралық байланыстардың өте маңыздылығын былай қойып, сыртелдердің бүгінгі қадамдары одан сайын күрделеніп тұр», - деп баға бердісарапшы.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымын мерзіміненбұрын тоқтатып, жаңадан Парламент сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттарынсайлау туралы ұсыныс тасталған еді. Мемлекет басшысының 20 қаңтардағы Жарлығыбойынша мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісі мен кезекті мәслихат сайлауларынбиылғы жылдың 20 наурызында өткізу туралы шешімі қабылданған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар