- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР ҚК-нің жаңа авиациялық-техникалық орталығы салынуда
Астанада ҚР ҚК-нің жаңа авиациялық-техникалық орталығы салынуда
Келешектегі авиациялық-техникалық орталықтың өндіріс нысандарының ауданы 6 000-нан аса шаршы метрді құрайды. Аталмыш орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады.
Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды.
Тиісті дайындықтан өткен қазақстандық техникалық персонал ұшақтардың қызмет етуіне дейін ұшу қорын қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның жағрафиялық орналасуы мен өндіріс қуаты жаңа авиациялық-техникалық орталыққа еліміздің Қарулы Күштерінің мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму старегиясының айқын түрде жүзеге асуы болмақ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды