Л.Ахметова: Мәжілістің жаңа құрамы кәсіби мамандардан тұруы тиіс

2 Ақпан, 2016 15:03
ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамында кәсіби заңгерлер, қоғамдық қайраткерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар болуы тиіс, деп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУжурналистика факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Ахметова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Әрбір мемлекет үшін сайлау науқаны өте маңызды шара болып келеді. Бүгінгі сайлау үлкен  сынақ болады, өйткені қазір ауыр экономикалық жағдай орын алуда. Осы жағдайларды ескере отырып, сайлаудың маңыздылығы көрінеді. Сайлау арқасында жаңа идеялармен жаңа адамдар келеді. Мен жаңа құрамдардың ішінде ең бірінші кәсіби заңгерлерді, қоғам қайраткерлерін, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың болғандығын қалаймын. Мен сайлауды қолдаймын, және алдағы уақытта сайлаудың нәтижесін көреміз деген ойдамын»,-деді Л.Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шаққырылым депутаттарын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылдың 20 наурыз айында болады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар