И.Цыба:Қазақстандағы барлық реформа Президенттің ұсынысынан басталады

2 Ақпан, 2016 14:32
Еліміздің дамуының бес негізгі бағытын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берді. Әрбір қазақстандықтың болашағы мен еліміздің даму болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер жасап беріп отыр, деп мәлімдеді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Достық үйінің директоры, ҚХА мүшесі Ирина Цыба.

Оның ойынша, бізден, қазақстандықтардан өзгелер  үлгі алулары керек.

«Барлық реформа Президенттің ұсынысымен басталады және бұл өте дұрыс. Елбасының 29 ақпандағы Астанада айтқан идеялары Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жобасын қуаттай түсті. Бұл құжаттың төртінші бөлімін ерекше атап  өткім келеді. Ол – «Біркелкілік және бірлік». 85-тен бастап 90-шы қадамға  дейінгінің барлығы бізге жақын әрі қажет. Ондағы айтылған негізгі мәселелер біздің күнделікті жұмысымыздың барысындағы жағдайлар. Бұл «Мәңгілік ел», «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім», «Еңбек адамы»»,- деп атап өтті Ирина Цыба.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы жылдың 29 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде еліміздің алдағы дамуы туралы негізгі бағыттарды атап өткен болатын. Олардың қатарында  дағдарысқа қарсы тұрақтылық, экономиканың салалық жаңғыртылуы,қазақстандықтардың өмір сапасының жаңа стандарты, мемлекеттік коституциялық патриотизм және аймақтық тұрақтылық, интеграция мен қауіпсіздік мәселелері болған еді.

Индира Кауметова

Фото: avestnik.kz

Барлық жаңалықтар