• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың саны 24,5 пайызға көбейді

Маңғыстау облысында қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың саны 24,5 пайызға көбейді

2 Ақпан, 2016 12:18
Соңғы жылдары Маңғыстау облысында қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың саны 24,5 пайызға көбейді, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ОКҚ-да.

«Жергілікті маңыздағы жолдардың  жағдайымен мақатана аламыз. 2014 жылдан бастап жергілікті жолдардың құрылысына баса назар аударылып жатыр. Соңғы 2 жылда жолдардың құрылысы мен жөнделуіне  16,5 млрд теңге бөлінді.  Құйылған қаржының әсері - қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың саны 24,5 пайызға көбеюі. 2012 жылы қанағаттанбайтын деңгейде 40,5 пайыз болса, 2015 жылдың соңында олардың саны 16 пайызға түсті», - деді А.Айдарбаев.

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарында қанағаттанбайтын жағдайға жолдардың   22,9 пайыз ы жатады.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар