- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында бір жылда сайланушылар саны 27 мың адамға өсті
Маңғыстау облысында бір жылда сайланушылар саны 27 мың адамға өсті
«ҚР Конституциясының заңына және Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес жергілікті баспаларда сайлау окрігі, сайлау учаскілерінің аумақтары, аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы бойынша материалдар жарыққа шықты»,-деді Е.Күмісқали.
Оның айтуынша, облыс бойынша сайланушылар саны 346 545 адамды қамтиды.
«Бұл 2015 жылдың сәуір айында Президент сайлауында болған адамдар көрсеткішінен 27 мың адамға көп екендігін көрсетеді»,-деді Е.Күмісқали.
Сонымен қатар, облыста 199 сайлау учаскілері орнатылған.
«Президенттік сайлауы өткеннен кейін қосымша 22 сайлау учаскісін аштық, осылайша қалған учаскілерге түскен ауырпалықты азайттық»,-деп Маңғыстау облысының сайлау комиссиясының төрағасы айтып өтті.
Сонымен қатар, жұмыс орындарында комиссия бойынша ақпараттық оқытулар өткізіледі.
«Ол үшін түсіндірме семинарлар, тренингтер, түрлі әдістемелік нұсқаулар ұйымдастырылды. Осы жұмада аталмыш шараны қорытындылаймыз»,-деді ол.
«Қазір сайланушылардың тізімі нақтылануда. 20 күн ішінде әкімдік бізге тізімді беруі тиіс, ал 15 күн қалғанда ол тізімдер сайлау учаскілерінде ілініп тұруы керек. Бұл әрбір азаматтың өздерінің мағлұматтарын анықтауға керек»,-деді Е.Күмісқали
Ботагөз Айтжанова
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды