• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Айдарбаев: Ақтау теңіз портының кеңейтілуі Каспийдегі барлық порттармен тауар айналымын ұлғайтады

А.Айдарбаев: Ақтау теңіз портының кеңейтілуі Каспийдегі барлық порттармен тауар айналымын ұлғайтады

2 Ақпан, 2016 11:36
Ақтау теңіз портының кеңейтілуі Каспийдегі барлық порттармен тауар айналымын ұлғайтады, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ОКҚ-да.

Оның айтуынша, 5 стратегиялық бағыттардың бірі транспорттық инфрақұрылым болып табылады.

«Маңғыстау облысы транспорттық тығырыққа жатпайды. Айта кетейік, Елбасының тапсырмасымен облыста көліктік және теңіз портын дамыту шарықтау шегіне  жетуде. Ақтау теңіз портының солтүстік бағытында сауда портын кеңейту оң көрсеткіштерге ие болуда. Қазақстан порттың жаңғыртылуына орай Каспийдегі барлық порттар бойынша сауда айналымын кеңейтуге мүмкіндік алып отыр. Теңіз тасымалына келетін болсақ, біз мұнайды ғана тасымалдамаймыз. Астықтың ірі топтамасы, құрылыс материалдары, метал, құрғақ жүктердің барлығы жатады», - деді А.Айдарбаев.

Өңір басшысы Жезқазған- Бейнеу, Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы қозғалыстың маңызды екенін айтты, себебі ол арқылы ел Парсы шығанағына тауар шығара алады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар