• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Маңғыстау облысында 2015 жылы 655 жұмыс орнының ашылуымен 11 жоба жүзеге асты

ИИДМБ: Маңғыстау облысында 2015 жылы 655 жұмыс орнының ашылуымен 11 жоба жүзеге асты

2 Ақпан, 2016 11:23
Маңғыстау облысында 2015 жылы 655 жұмыс орнының ашылуымен 11 жоба жүзеге асты, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ОКҚ-да.

«Маңғыстау облысындағы экономиканың даму қарқынын сақтауға, құны 159 млрд. теңгені құрайтын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған 14 жоба ықпал етті. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан 4 мың жұмыс орындары ашылады», - деді әкім.

2015 жылы индустрияландыру Картасы аясында жалпы құны 50,5 млрд.теңгені құрайтын 11 индустриалды және инфрақұрылымды жоба бар.

«Оның ішінде  «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталығы, «Софи Медгрупп» көпсалалы медициналық клиникасы және Ақтау теңіз солтүстік терминалы іске қосылды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар