Қостанай облысында құны 160 млн теңгелік сүт-тауар фермасы салынды

13 Қараша, 2013 09:10
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында құны 160 млн теңгелік сүт-тауар фермасы қолданысқа берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Ферма малдары Ресейден әкелінген. Мұнда жылына 900 тонна сүт сауу жоспарланған», - делінген хабарламада.

2020 жылға қарай өңірде тағы да осындай 160 ферма салынбақ. Ал 2014 жылы 16 шағын фермасы салынады. Аталмыш жобаларды іске асыру үшін техника мен қондырғы инвестициясының жалпы көлеміне мемлекет тарапынан 50 пайыз субсидия да қарастырылған.

Жалпы, агроөнеркәсіптік кешеннің ҮИИБ аясында 2013 жылы облыста 28 инвестициялық жоба іске қосылады. Құны 9,7 млрд теңге болатын жоба арқасында 430 жұмыс орны ашылмақ.

Барлық жаңалықтар