• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: Банк есебінен заңдастырылған ақшаны алғанда ұсталатын 10 пайыз жинақ алынды

Б.Сұлтанов: Банк есебінен заңдастырылған ақшаны алғанда ұсталатын 10 пайыз жинақ алынды

2 Ақпан, 2016 11:17
Банк есебінен заңдастырылған ақшаны алғанда ұсталатын 10 пайыз жинақ алынып тасталды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында.

«Тағы бір жаңа түзетулердің бірі бан есебінен  заңдастырылған кезде алынатын 10 пайыздық жинақ алынып тасталды. Аталмыш норма кері үрдіске ие болады, 10 пайыз жинақты төлеген тұлғалар бюджеттен қайтарып ала алады. Бірақ, азаматтар әлі ақшаларын алуға асығып жатқан жоқ. Жалпы, республика бойынша бұл 3,1 млрд теңгені құрап отыр. Аталмыш мінберді пайдаланып, азаматтарды мемлекеттік кіріс органдаорына барып төленген қаржыларын қайта алуға шақырамын», - деді министр.

Қаржы министрлігінің басшысы атап өткендей, «ескі» тәртіп бойынша 428 млрд теңге заңдастырылды.

«Жаңа тәртіпте белсенділеу ар. Екі айдың ішінде 160 млрд теңгенің акциясы заңдастырылды. Тек екі айдың ішінде, яғни желтоқсан мен қаңтар айында 160 млрд теңге заңдастырылған. Бұл алдыңғы 15 айда заңдастырылған қаражаттың үштен бір бөлігі. Осы уақытта банктерде 41 шот қоса ашылып, оған 51 млрд теңге салынды», - дедi министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар