• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрі облыс әкімдерін Қазақстан аумағындағы жылжымайтын мүлікке заңдастыру жұмысын күшейтуге шақырды

Қаржы министрі облыс әкімдерін Қазақстан аумағындағы жылжымайтын мүлікке заңдастыру жұмысын күшейтуге шақырды

2 Ақпан, 2016 11:09
Облыс әкімдерін Қазақстан аумағындағы жылжымайтын мүлікке заңдастыру жұмысын күшейтуге көңіл бөлгендерін сұраймын. Оның ішінде әлеуетті субъектілер санатын заңдастырудағы іс-шараларды насихаттау жұмысы. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың аудандары мен банктерінде үгіт түсіндірме жұмыстар нашар жүргізілуде.

БАҚ құралдарында мақалалар саны өте аз, Қостанай облысыныда (акция басталған күннен 221 мақала), Шығыс Қазақстан облысында (253). Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында бар болғаны 14,26,45 тиісті заңдастыруға қатысты телесюжеттер шығарылған. Ал Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында бірде бір материал болмаған»,-деді министр.

Сонымен қатар Б.Сұлтанов тағы бір мәселеге тоқталып өтті. Егер заңдастыруға байланысты өтініштер 100 мың тұрғынға есептелсе, республика бойынша оның саны 426.

«Бұл көрсеткіштер Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Астана және Алматы қалаларының арқасында болды. Ал ең төмен көрсеткішті Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары көрсетті (100-де төмен өтініш)».

Сонымен қатар, Қаржы министрі осындай жағдайлар банктерде де орын алып жатқандығын айтып өтті. Олардың интернет парақшаларында ақшаны заңдастыру бойынша ақпараттар қойылмаған. Олар: Каспий-банк», Нурбанк, «Центр Кредит Банк», «Forte Банк».

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар