- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 2015 жылы 27 мың адам жұмыспен қамтылды – әкім
Маңғыстау облысында 2015 жылы 27 мың адам жұмыспен қамтылды – әкім
Оның айтуынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша еңбек нарығындағы көрсеткіштер жақсарды. Мысалы, Маңғыстау облысындағы экономикалық белсенді халықтың саны 7%-ға артып, 283,4 мың адамнан 302,4 мың адамға дейін өсті. Экономика саласында қызмет етушілер саны 286,9 мың адамды құрады.
«Облыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 19,7 мыңнан 15,2 мың адамға дейін азайып, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы олардың үлесі 5%-ды ғана құрады. Бұл еліміздің аймақтары арасындағы ең төменгі көрсеткіш», - деді ол.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, өңірлерді дамыту бағдарламаларының тиімділігін, ашық нарықтағы жұмыссыздар санының 5,3%-дан 5,1%-ға, сонымен қатар жастар арасындағы жұмыссыздар санының 7,4%-дан 4,7%-ға төмендеуінен көруге болады. Осылайша,2015 жылы 27 мыңнан жоғары адам жұмысқа орналасты, - деп атап өтті Алик Айдарбаев.
Маңғыстау облысындағы экономиканың даму қарқынын сақтауға, құны 159 млрд. теңгені құрайтын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған 14 жоба ықпал етті. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан 4 мың жұмыс орындары ашылады.
«2015 жылы индустрияландыру Картасы аясында жалпы құны 50,5 млрд.теңгені құрайтын 11 индустриалды және инфрақұрылымды жоба, соның ішінде, «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталығы, «Софи Медгрупп» көпсалалы медициналық клиникасы және Ақтау теңіз солтүстік терминалы іске қосылды», - деді ол.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді