ҚКХП парламенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

2 Ақпан, 2016 10:42
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Бұл шешімді ҚКХП төрағасы Орталық комитетінің хатшысы Владислав Косарев мәлімдеді.

«Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында Елбасының  Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу шешімі өте орынды. Бұл жағдайда Коммунистік партия алдында күрделі міндет тұр – сайлауалды кампанияны сәйкесінше ұйымдастыру», - деді В.Косарев.

Ол атап өткендей, партияның негізгі мақсаты – сайлаушылардың үмітін ақтап, елдің бірлігін нығайтуға жаңа күш пен жаңа құрамда жоғарғы заңнамалық органға ену.

 

Барлық жаңалықтар