• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысының 450 мыңнан астам азаматы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс береді

Павлодар облысының 450 мыңнан астам азаматы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс береді

2 Ақпан, 2016 10:19
Қазір жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізіміндерін тіркеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Шамамен сайлауға 450 мыңнан астам азамат қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы Павлодар облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлия Сабырханова Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мерзімінен  бұрын ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарын сайлау науқанын өткізуге облыста 14 аумақтық, әртүрлі деңгейдегі 206 округтік сайлау комиссиялары және 569 учаскелік комиссия құрылды. Осы уақытта округтік комиссия  әр деңгейлі мәслихат депутаттығына  үміткерлердің құжаттарын қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыста құрылған 206 округтік сайлау комиссияның қатарында 32 облыстық, 55 қалалық және 119 аудандық деңгейдегі сайлау бекеттері бар. Бүгінгі таңда барлық комиссия құрамы жасақталды»,-деп хабарлады Ә.Сабырханова.

Сондай-ақ,облыстық комиссия төрайымы сайлау уақытында  Павлодар облысында 569 сайлау учаскесі қызметжасайтынын хабарлады. 

«Сайлаушыларға келер болсақ, жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізіміндерін тіркеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Шамамен сайлауға 450 мыңнан астам азамат қатысатыны жоспарлануда»,-деді А.Сабырханова.

Сондай-ақ,ол күнтізбелік жоспар бойынша облыста комиссия мүшелеріне оқыту жиындары өткізілгенін айтты.

«Комиссия мүшелері негізгі ақпараттарды меңгеріп, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жіберген қажетті құжаттармен танысты. Мәслихат депутаттығына өзін өзі ұсынған кандидаттармен жұмыс жүргізілуде. Прокуротура қызметкерлері оларды ҚР Сайлау заңнамасының  талаптары бойынша тексеруде»,- деді төрайым. Белгілі болғандай, 30 азаматаудандық мәслихатқа өз кандидатураларын ұсынған.

«Саясипартиялардың съезінен кейін партиялар атынан сайлауға қатысуға ниетті  үміткерлердің саны артады деп ойлаймын»,- дейді А.Сабырханова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар