- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ирандық инвесторлар қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ет комбинатын салмақ
ОҚО-да ирандық инвесторлар қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ет комбинатын салмақ
2 Ақпан, 2016 12:51
ОҚО әкімдігінде өңір басшысы Иран Ислам Республикасынан келген инвесторлармен кездесті, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар Бәйдібек ауданында жылдық қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ірі қараға арналған мал сою цехының құрылысын талқылады. Ет комбинаты болашақта етті мұздатып, ауасыз қалташада шығаруды жоспарлап отыр.
Жалпы құны 6 300 000 мың теңгені құрайтын жобаны әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстары 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айына жоспарланған. Айта кетейік, құны 573 866 мың болатын құрылғыларды инвесторлар отандық компаниядан сатып алмақ. Нысанның құрылысы біткен соң мұнда 196 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Шығарылған өнімдер Қазақстанның ішкі нарығында саудаланып, Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталатын болады. Сонымен қатар, тараптар, жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастыққа уағдаласты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері