• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Журинов: Ұлт жоспарын жүзеге асыру экономиканың нығаюы мен халықтың өмір сүруін жақсартуға ықпал етеді

М.Журинов: Ұлт жоспарын жүзеге асыру экономиканың нығаюы мен халықтың өмір сүруін жақсартуға ықпал етеді

2 Ақпан, 2016 09:54
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру экономиканың нығаюы мен халықтың өмір сүруін жақсартуға ықпал етеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Ұлттық ғылымдар академиясының президенті Мұрат Журинов.

«Мемлекет басшысы қоғам алдында 5 институционалдық реформаны жүзеге асыратын Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мақсатын қойды. Олардың жүзеге асуы экономиканың нығаюы мен халықтың өмір сүруін жақсартуға ықпал етеді. Бұл орайда индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы  өте маңызды. Бұл тапсырмаларды орындау  кезеңінде әлемде экономикалық жағдайлар болып отыр, біріншілік форматтағы мамандар қажет, олар Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауы арқылы іріктелмек. Меніңше, Мәжіліске шығармашыл, патриот жастар келуі керек», - деді М.Журинов.

Айта кетейік, 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауды 2016 жылдың 20  наурызында өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар