- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сенаты Мәжіліс аппаратынан сұратып алынған 13 заң жобасын қарастырады
ҚР Сенаты Мәжіліс аппаратынан сұратып алынған 13 заң жобасын қарастырады
ҚР Сенаты хабарлағандай, Сенаторлар Қазақстан мен Германия Үкіметтері арасындағы Адамдарды қабылдау және транзиттеу туралы келісімді (реадмиссия туралы келісім); Қазақстан мен Чехия Үкіметтері арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді; Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
Бюро сондай-ақ Мәжілістің тарауына байланысты Парламенттің төменгі палатасының Аппаратынан сұратып алынған 16 заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.
Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Қазақстан мен Молдова арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын жүргізу тапсырылды.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Пошта туралы» және заңнамаға пошта мәселелері бойынша түзетулер; «Лоторея және лотерея қызметі туралы» және заңнамаға лоторея және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер; Қазақстан мен Словакия Үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыстарға басшылық етеді.
Заңнамаға ғарыш қызметі; астық нарығын реттеу; Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша түзетулерді; Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы және Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жүргізу Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне берілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар