Қ.Тоқаев: Президенттің сөзі – Қазақстан үшін жол көрсеткіш бағдар

1 Ақпан, 2016 19:26
Сенат Бюросының кезекті отырысында Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарды «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс Съезі барысындағы Президент Н.Назарбаевтың сөзіне жіті назар аударуға шақырды, деп Сенатта хабарлайды.

«Партия мен халық алдында тұрған тапсырмалар бойынша маңызды мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысының сөзі – Мәжіліс пен мәслихат сайлауы аясында Қазақстан үшін жол көрсеткіш бағдар болып келеді»,-деді Қ.Тоқаев.

Спикердің айтуы бойынша, Сенат барлық Парламенттің заңнамалық міндеттерін атқара отырып, Қазақстан Президентінің саясатын іске асыруға жоғары жауапкершілікпен қарайды «ең бастысы қабылданып жатқан заңдарға жауапкершілікпен қарау» .

Барлық жаңалықтар