• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан-Румыния парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан-Румыния парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

1 Ақпан, 2016 19:12
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Румыния Парламенті Өкілдер палатасының депутаты Ионаш-Флорин Урканмен кездесті., деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сенатор Қазақстанның Шығыс Еуропа және Балқандағы маңызды әріптесі болып табылатын Румыниямен қарым-қатынасты дамытуға зор мән беретінін атап өтті.

Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің келешегін талқылады және Қазақстан-Румыния парламенттік достық топтардың қызметін үдету туралы пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар