- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің президенті Филиппо Ломбардиді қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің президенті Филиппо Ломбардиді қабылдады
«Кездесу барысында екіжақты парламентаралық қарым-қатынастар, сондай-ақ жаңа технология, энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық жайы талқыланды», - деп хабарламада нақтыланған.
Мемлекет басшысы бұл Ф.Ломбардидің Қазақстанға алғашқы сапары екенін, оған елеулі маңыз беріліп отырғанын атап өтті.
« Біз бұдан жиырма жыл бұрын Швейцариямен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Елдеріміз арасында жақсы сауда-экономикалық ынтымақтастық орныққан, өзара инвестиция артуда. Бізде екіжақты өзара ықпалдастықтың жағымды қарқынын жалғастыруға деген мүдделілік бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қомақты үлесін қосатын парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап көрсетті.
Швейцарияның Кантондар кеңесі президенті тек саяси және сауда-экономикалық өзара ықпалдастықты ғана дамытып қоймай, өзге де салалардағы ынтымақтастықты жандандырудың маңызды екеніне тоқталды.
«Біз басты тақырыбы болашақтың энергиясы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау көрсететінімізді және Қазақстанның барлық саладағы, соның ішінде экономикадағы, өңірде тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдаудағы жетістіктеріне деген ілтипатымызды білдіргіміз келеді. Бұған қоса, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті, ал Швейцария бұл ұйым жетекшілігін 2014 жылы қолға алады, сондықтан біз үшін Қазақстанның тәжірибесі пайдалы болмақ», – деді Ф.Ломбарди.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты