• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Калашникова: Мәжіліс пен мәслихатта болатын сайлау бірлік пен қоғамдық келісім тұғырнамасында өту керек

Н.Калашникова: Мәжіліс пен мәслихатта болатын сайлау бірлік пен қоғамдық келісім тұғырнамасында өту керек

1 Ақпан, 2016 16:31
Барлық этникалық топтар бірауызды болып келеді. Өйткені аталмыш сайлау бірлік пен қоғамдық келісім платформасында өту керек, деп «Қоғамдық келісім» РГК директоры Наталья Калашникова 2016 жылы 20 наурызда өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын сөзге ала отырып Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«ҚР Парламент Мәжілісіннің 5 шақырылым депутаттарын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманың болғанына біраз уақыт өтті. Осы уақыт ішінде сарапшылық қоғам, талдаушылар, оның ішінде шетелдіктер де, этномәдени бірлестіктер- азаматтық қоғамның барлық институттары өздерінің позицияларына таңдау жасады. Сайлау маңызды және керек. Сайлаудың арқасында қоғамның жағдайы жаңашаланады»,-деді Н.Калашникова.

«Нұр Отан» партиясының XVII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың маңыздылығын айта кетті.

«Саяси партиялар мен азаматтық қоғамдық иституттар сайлауды өз кезегінде уақытылы жаңартылған және 5 институционалды реформаны іске асырудағы дұрыс қадам деп есептейді»,-деді Н.Калашникова.

«Сайлаудағы жаңартулар бүгінгі қоғамға жаңғыртылуға қызығушылық әкеледі. Халықтың жаңа өзгерістерге сенім білдіруі табиғи процесс. Ол өз кезегінде мемлекеттің дамуы мен бастамалардың іске асуына септігін тигізеді. Этникалық топтың өкілдері бірауызды болып отыр. Өйткені барлық сайлау  бірлік пен қоғамдық келісім платформасында өту керек»,-деді Н.Калашникова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар