• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ұлттық банкі сайлау қорларындағы мәслихат депутаттығына ұсынған әрбір кандидаттың қаражаттарын тексереді

ҚР Ұлттық банкі сайлау қорларындағы мәслихат депутаттығына ұсынған әрбір кандидаттың қаражаттарын тексереді

1 Ақпан, 2016 16:12
Сайлау қорларындағы мәслихат депутаттығына ұсынған әрбір кандидаттың насихаттау науқанына берілген қаражаттарына ҚР Ұлттық банкі тексері жүргізеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін ҚР ОСК мүшесі Марат Сарсембаев айтып өтті.

Естерінізге сала кетейік, әрбір кандидат өздерінің жеке сайлау қорларын жасай алады. Ол үш дереккөзден тұрады: өз қаражаты,кандидаттыққа ұсынылған  қоғамдық бірлестіктің құралдары мен ерікті қайырымдылық. Жалпы кандидаттың сайлау қоры 13 млн 715 мың теңге көлемінен асырмау керек.

«Бұл ақшалар оңай келмейді: келді және берілді. Бұның барлығы Ұлттық банк арқылы келеді. Әрине, ол банктердің өздерінің арнайы тексеріс көздері бар»,-деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік бюджет Алматы және Астана қалаларында әрбір облыстық мәслихатқа тіркелген кандидаттардың агитациялық шаралары мен жол жүру көліктеріне 250 мың теңге, ал қалалық және аудандарға-153 мың теңге көлемінде қаржы бөлді.

«Өткен жылғымен салыстырғанда сомма қатты өзгерген жоқ: сомма сол бойда қалды. Кандидаттарға берілген қаражат көлемі өздеріне жүктелген жұмысты атқаруға жетеді деп пайымдалуда»,-деді М. Сарсембаев.

Ағымдағы жылдың 20 наурыз айында болатын жергілікті өкілді органдардың  кезекті сайлауына барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 3 335 , облыстыққа-550, қалалыққа-625 және аудандыққа 2 160 адам сайланады. 

Барлық жаңалықтар