• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОСК ҚР мәслихат депутаттығына үміткерлердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыс мөлшерін бекітті

ОСК ҚР мәслихат депутаттығына үміткерлердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыс мөлшерін бекітті

1 Ақпан, 2016 16:03
2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

«Қаулы жобасымен таныстырған ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, еліміздің «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес  облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары В.Фоос.

Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша заңнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді.

Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға телеарналардан сайлауалды бағдарламамен сөз сөйлеу үшін 70 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 36 мың теңге бөлінеді. Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға радиолардан сайлауалды бағдарламамен сөз сөйлеуге 20 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 7 мың теңге беріледі.

Сонымен қатар сайлау туралы заңның 19-бабы 6-тармағының екінші  бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком сайлау заңнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының мүшесі етіп   А.Я. Шеферді, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп В.С. Пакты тағайындады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар