ҚР-да күздік дәнді дақылдар 396 мың га алқапта себілді - АШМ

12 Қараша, 2013 17:31
Бүгінгі таңда күздік дәнді дақылдар 396 мың га алқапта немесе жоспардың 76% себілді, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

«Күздік дәнді дақылдар 396 мың га алқапта немесе жоспардың 76% себілді, жоспарланғаннан алқаптың 66% сүдігер жыртылды», - деді министр.

Сонымен, 2014 жылы 2,1 млн тоннадан аса дәнді дақылдар тұқымы немесе сұраныстың 99% себілді. 

«Облыс әкімдіктеріне тұқымды себу кондициясына жеткізу, тұқым тапшылығы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтамасыз ету үшін тұқымның артығын сатып алуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру керек», - деп атап өтті ол.

Барлық жаңалықтар