• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауыл тұрғындары Қостанайда өткен жәрмеңкеге 100 тоннадан астам өнім әкелді

Ауыл тұрғындары Қостанайда өткен жәрмеңкеге 100 тоннадан астам өнім әкелді

1 Ақпан, 2016 20:04
Қостанай қаласында демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Қостанай қаласы мен аудандардың 11 ауыл шаруашылығы қатысты.

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде 130 шаруашылық субъектілерінің 130 өнімі 100 тонна көлемінде болды: ет өнімі -14 тонна, а.ж сиыр еті-6,5 тонна, жылқы еті-4,11 тонна, шошқа еті-2 тонна, қой еті-1 тонна, құстың еті- 0,6 тонна,  сүт өнімдері-4,3 тонна, жоғары және бірінші сортты ұн – 15 тонна, шұжық- 2,12 тонна, балық – 0,55 тонна, жарма және макарон - 6 тонна, жұмыртқа - 144 мың дана, қант - 10 тонна, картоп - 8,5 тонна, көкөніс - 17 тонна, күнбағыс майы - 20 тонна болды.

«Өнімдердің көлемі 40 млн теңгеге сатылды. Осыған ұқсас жәрмеңкелер Рудный, Лисаковск және Арқалық қалаларында ұйымдастырылды»,-деп хабарлануда айтылған.

Жәрмеңкеге Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Жітіқара, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл Федоровск аудандары мен Қостанай қаласы қатысты.

 

Барлық жаңалықтар