- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Оразалин: ҚР біртұтастығын біздің мемлекет пен тәуелсіздікке деген қатынасымыз сақтап қалады
Н.Оразалин: ҚР біртұтастығын біздің мемлекет пен тәуелсіздікке деген қатынасымыз сақтап қалады
«Дүние тынышсыз, осы тынышсыз дүниенің кеңістігінде қазақ елінің тыныштығын сақтап, оның тәуелсіздік мұраттарын қорғау әрбір қазақстандықтың басты парызы. Соңғы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Елбасымыз осы мәселеге қатты назар аударды және бес халықтық реформаның жай-жапсарын тағы да тереңдетіп, жұртшылықты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртта жүрген қаржыны заңдастыру секілді бірталай мәселелерді талдай отырып, Елбасы Жолдаудағы түгел халыққа арналған пәрменді ұсыныстарын тағы да кеңейтті. Міне, осылайша өте жетімді түрде өз сөзін қазақстандықтарға арнады. Баяндаманы тыңдау барысында көкірегіме түйген мәселеге тоқталғым келеді. Ең әуелі, жемқорлықпен күрес қазір халықты ерекше толғандырады. Осыған Елбасы жақсы тоқталды. Сыртта есепсіз жүрген қаржыны заңдастыруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Шетелдегі шоттарда жатқан ақшаны халықтың мұқтажына, қажетіне жаратуға шақырды», - дейді сенатор.
Оның айтуынша, съезде бес институционалдық реформа қалай атқарылатыны жете зерделеді.
«Жауапты кезеңде бір атаның баласындай жұмылып, мүддемізді, тәуелсіздігімізді сақтаудың, қорғаудың жаңа кезеңіне өтіп отырмыз», - деп қорыттты сөзін Н.Оразалин.
Айта кетейік, өткен аптада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.
Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді, оған 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды