А.Ибрашев: Сайлау барлық қазақстандық қоғам үшін емтихан болмақ

1 Ақпан, 2016 14:32
Сайлау барлық қазақстандық қоғам үшін емтихан болып табылады, деп Атырау облысының сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Атырау облысы бойынша ҚР Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта өтетін сайлауға байланысты іс шаралар жұмысы ҚР Орталық сайлау комиссиясының кесте жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 наурыз айына бекітілді. Сайлау барлық қазақстандық қоғам үшін емтихан болып келеді. Ауданның аумақтық комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 302 186 сайланушы қатысатындықтарын анықтады»,-деді А.Ибрашев.

Сондай-ақ, облыста 9 аумақтық, 134 аудандық сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. 234 сайлау учаскісі дайындалды.

«4 наурыз айында сайланушылар оларды бекіткен учаскілер тізімінен өздерін тексере алады»,-деді А.Ибрашев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар