Қазақстан мен Чехия арасында визасыз режим пайда болады

1 Ақпан, 2016 13:56
ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңнамасы, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар заңсыз келген тұлғаларды реадмиссиялау туралы Қазақстан мен Чехия арасындағы келісімді ратификациялады.

«Келісімге 2011 жылдың 23 ақпанында Прагада қол қойылды. Екі елдің атынан Қазақстан сырқы істер министрлігінің жауапты хатшысы мен Чехияның ішкі істер министрі қол қойды. Аталмыш құжат елдің шекарасына заңсыз шыққан немесе визасы не болмаса рұқсат қағазы мерзімінен шыққан соң қалып қойған тұлғаларды анықтап, қайтаруға бағытталған. Келісім Еуропалық одақта босқындармен байланысты мәселеге орай өте өзекті болып отыр. Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонның алдын алуға мүмкіндік береді», - деді ІІМ орынбасары В.Божко.

Сондай-ақ, тұлғаларды реадмиссиялау келісімі ЭКСПО-2017 көрмесіне қарсы аса маңыздылыққа ие болып отыр. Себебі, көрме кезінде елге шетелдік өкілдер толассыз келеді.

«Біздің елге шетелдіктер заңсыз тұрғыда енетін болса, аталмыш келісім аясында біз оларды кейін қайтаруға құқылымыз. Келісімді ратификациялау халықаралық құқыққа сәйкес», - деді вице – министр.

Заң жобасы Парламенттің жоғарғы палатасында қаралады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар