- Басты
- Жаңалықтар
- А.Рахметулин: Жаңа сот реформалары ұлттық әділеттілік жүйесін жаңғыртты
А.Рахметулин: Жаңа сот реформалары ұлттық әділеттілік жүйесін жаңғыртты
« Ұлт Жоспарының екінші реформасы бойынша Жоғарғы Сотқа бекітілген 11 қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан іске асырылды.Аталған жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында көзделген жаңашылдықтардың барлығы 2016 жылдың басынан бастап іске аса бастады. Қолданысқа енгізілген жаңашылдықтар отандық сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртты», - деді ол.
Жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» жаңа Заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
А.Рахметулин Ұлт Жоспарының 16-қадамында көзделген сот жүйесін оңтайландыру мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық соттар және кассациялық саты – Жоғарғы Сот. Бұл сот шешімдерінің тезірек күшіне енуіне ықпал етеді және процесті әдейі созу мүмкіндігін азайтады.
«Ұлт Жоспарының шеңберінде сапалы сот корпусын қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылуда. Сот корпусы жоғары моральдық қасиетке ие ең лайықты кәсіби мамандардан құралуы тиіс. Осыған орай Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды, Сот төрелігі институтын Жоғарғы Соттың басқаруына беру мәселесі заңнамалық тұрғыдан шешімін тапты», - деді ол.
Бұдан әрі Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева сөз сөйледі. Ол Ұлт Жоспарының 23-қадамына сәйкес Жоғарғы Сотта құрылған мамандандырылған сот алқасы туралы айтып өтті. БАҚ өкілдері үшін инвестициялық алқаның соттылық мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Аталған алқа ірі инвесторлардың қатысуымен инвестициялық даулар жөніндегі азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың тәртібімен қарайды, сондай-ақ Астана қалалық сотының соттылығына жататын инвестициялық даулар бойынша сот актілерін апелляциялық тәртіпте қайта қарайды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер